Nege.kz экономикалық бөлімі
Nege.kz авторы зейнетақы қорындағы қаржысына қалай үй алуға болатынын зерттеп көрді. Зерттеудің соңы немен аяқталды?
Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі минус 50 пунктке құлдыраған. Соңғы айларда өсуі тиіс еді, бірақ төмендеп барады.
Ресей саясаткері және президент Путиннің басты қарсыласы Алексей Навальныйдың бір айға қамалуы АҚШ-тағы жаңа президент Джозеф Байденнің өз қызметіне кірісетін уақытымен тұспа-тұс келді. Әлемнің екі қиырында болып жатқан және бір-бірімен еш байланысы жоқ сияқты көрінетін екі оқиғаның салдары теңгені тентіретіп жіберуі мүмкін.
Әзірленіп жатқан «Тұрғын үй саясаты және міндетті тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» заң қоғамның сын сүзгісінен өтпей қалуы ғажап емес.
Дүниежүзілік Банк Қазақстан былтыр қанша пайызға құласа, биыл сонша пайызға өседі деген пікірде. Бірақ оның соңғы есебі тым құрғақтау болып шықты
Бүгін 2020 жылдың экономикалық қортындысы шықты. Ішкі жалпы өнім 2,6 процентке құлаған. Нақты сектор өсіп, есесіне, сауда жойылып кеткен.
«Nur Otan» партиясының жеңісінен кейін экономистер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды уәделер жиынтығын тағы бір рет жіктеп шығатынына сенімдіміз. Nege.kz сарапшыларының пайымдауынша, платформа түбегейлі реформа емес, бұған дейін жүріп келе жатқан жолды жалғастыра беруді көздейді.
БЖЗҚ – жаңа Ұлттық қорға айналып барады. 2021 жылдың басында қазақстандықтардың зейнетақы қорында жинақталған қаржысы 12,7 триллион теңгеге жетті. Бұл сома ақшалай емес, құнды қағаздарға күйінде сақталған.