Маржан Сәбет

24.07.20 «Кеген мен Нарынқол тұрғындары есектің сүтімен емделіп жатқан жоқ»

Күні кеше ғана ақпарат құралдарында Кеген, Райымбек аудандарының тұрғындары жаппай есектің сүтін ішіп, коронавирусты пневмониядан айығып жатыр деген қауөсет тараған-ды.

15.07.20 Індет жұртқа иттің майын ішкізіп, кірпінің етін жегізіп жатыр...

«Қойдың құйрық майы коронавирусқа қарсы ем екен...», «Суырдың майы дертті сылып түседі...», «Иттің майы дәріден артық...» Осыған саясатын «дәрігерлік кеңестер» сарылып ем іздеген жұрттың аузында жүр. Шынында да солай ма? Nege.kz тілшісі журналистік зерттеу жүргізіп көрді.   

13.07.20 Коронавирусты пневмония: Белгілері мен емдеу жолдары қандай?

«Пневмониямен ауырыпты» дегенді естісек те, бүгінгі күнге дейін оған көпшілігіміз назар аудармай келгеніміз шындық. Мысалы, жыл сайын әлемде 17 миллион адам пневмонияға шалдығады екен. 

08.07.20 Мұхтар Шаханов өкпесі қабынып ауруханаға түсті

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өкпесі қабынып, ауруханада жатыр. 

01.07.20 «Қара генерал» түрмеден мерзімінен бұрын шығуы мүмкін

1 шілде сәрсенбі күні 9:00-де Ratel.kz-те «Қара генерал бостандыққа шығады» деген материалдан кейін Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің басшысы Айдос Сәдуақасов сағат 10:35 шамасында өзінің Facebook парақшасында «Жоғарғы сот Аманбаевты босатпады, бірақ жазасын 5 жыл 6 айға дейін қысқартты»  деген жазба жариялады.  Еске салайық, Аманбаев 2015 жылы наурызда қызметтік жағдайын пайдаланып қылмыстық топты «қорғады» деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеушілердің мәліметінше, «Қара генералдың» ұйымдастырған қылмыстық тобы 78 жалған кәсіпорын құрған. Тергеушілердің екі жыл ішіндегі мәліметтері бойынша жалған кәсіпорындардың көрген пайдасы 77 миллиард теңге болған. Төленбеген салықтар түріндегі мемлекетке келтірілген зиян 24 млрд. теңге.  Айдос Сәдуақасовтың Ratel.kz тілшісіне 30 маусым күні қысқаша түсініктеме беруіне болатын еді. Тіпті редакция тілшісі кассациялық алқа шешіміне түсініктеме беруді өтініп те сұраған. Алайда Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің басшысы сауалды жазбаша жолдауды сұраған. Бірақ материал шыққаннан кейін ол дереу Facebook парақшасында қажетті түсіндірмелерді өзі таратты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2017 жылғы 22 ақпанда 14 жылға бас бостандығынан айырылған Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық істі қайта қарады. «Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы Аманбаевқа қатысты үкімнің кінәсіздік презумпциясының конституциялық принципін бұза отырып, айыптаудың екіжақты шешімін қабылдады», - деп мәлімдеді Айдос Сәдуақасов.  Жоғарғы Сот Аманбаевтың ұйымдасқан топ құруға және оны басқаруға, қылмыстық қоғамдастыққа қатысуға, жалған кәсіпкерлікке жәрдемдесуге, ірі көлемде пара алып, ақшаны заңдастыруға қатысты айыптауларды тек істің нәтижесімен қызығушылық танытқан басқа сотталушының айғақтарына негізделген деп тапты. Комиссия аталған тұлғаның басқа іс бойынша материалдары: құжаттар, заттай айғақтар, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері немесе жасырын тергеу әрекеттерінің айғақтары расталмағанын анықтады. «Осыған байланысты, Жоғарғы Сот алқасы Аманбаевқа қатысты үкімнің аталған айыптаулар бойынша күшін жойды және  қылмыстық құрамның болмауына байланысты істі осы бөлікте тоқтатты», - деп атап өтті Айдос Сәдуақасов.  Сонымен бірге ол Жоғарғы Сот алқасының шешімі апелляциялық сот отырысына қатысқан Республикалық Бас прокуратураның ұстанымына сәйкес келетінін түсіндірген.  Жоғарғы Соттың алқасы Аманбаевты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланудың бір бөлігі бойынша айыптады, оған тағайындалған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны дұрыс деп тапты. Осы баптың санкциясы 6 айдан 7 жылға дейін жазалауды немесе дәл осындай мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Ұзын сөздің қысқасы, Әмірхан Аманбаевты босату мәселесі - алдағы күннің еншісінде. Жаза мерзімінің қысқартылғанын ескеретін болсақ, ол жазасының көп бөлігін колонияда өткізгендіктен шартты түрде мерзімінен бұрын босай алады. Оның үстіне, Аманбаевтың адвокаттары тергеу кезінде Қара генералдың қамауда болғанын да ескереді. Сонымен қатар әріптесіміз Геннадий Бендицкий жазғандай, Аманбаев 2015 жылдың наурыз айынан бастап қамауда отыр. Бұл жерде қызығушылық тудыратын басқа да мәселе бар. Бендицкий өзінің 2015 жылғы материалдарында «3-ші дәрежелі Әділет кеңесшісі Әмірхан Аманбаев - Рашид Түсіпбековпен байланысы бар деп көрсетіпті. Егер олардың соңғы он бес жылдағы қызметтік тізімдерін салыстыратын болсақ, онда олардың мемлекеттік қызметтің сатыларында  ине мен жіптей бірге жүргендері анықталады. Ал оны айыптау - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы басшысы Рашид Түсіпбеков пен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қазіргі басшысы (2015 ж. - СП) Қайрат Қожамжаровтың командалары арасындағы тартыс секілді. Жоғарғы соттың шешімін ескеретін болсақ, екі ірі кланның арасындағы тартыс аяқталар күн жақын. Біреуі бұл шайқаста жіберілген кемшіліктерді тезірек түзетуге тырысатын сияқты. Мерзім азайғаннан кейін Аманбаевқа табылған алғашқы дәлелдемелердің басым бөлігі расталмауына байланысты тергеу органдары мен бірінші сатыдағы сот үшін белгілі бір салдарлар да болады. Соңғы оқиғаларды ескере отырып, экс-протеж Қожамжаровқа - Олеся Кекселге қатысты өткен жылы жасалған шабуылдар да түсінікті болады.

26.06.20 Белгілі нумеролог Қазақстанның қиындықтан қашан шығатынын айтты

«Биыл саясат үшін қолайлыз жыл. Өйткені, 13 саны түсіп тұр. Мұндай жағдайда қате шешімдер қабылданып қалуы мүмкін. Жалпы, биыл қандай да бір шешім қабылдар кезде өте сақ болған жөн»

22.06.20 Ұйғыр ауданының әкімі орнынан кете ме?

Өткен аптада Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазақ пен ұйғыр жастары төбелесіп, төрт адам пышақ жарақатын алған болатын.

17.06.20 Ұйғыр ауданындағы төбелес ұлтаралық қақтығыс па?

Nege.kz порталының тілшісі оқиғаның жай-жапсарын білмекке, Шонжы ауылының тұрғынына хабарласқан болатын. Тұрғынның айтуынша, ауыл жастарының арасында мұндай төбелестер жиі болып тұратын көрінеді.