Nege.kz редакциясы
«Союз МС-17» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелерімен бірге Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге сәтті қонды.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
Бүгін Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бүгін маусым айында «Формула-1» Гран-приінің өтуіне байланысты елге келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін визалық рәсімдерді жеңілдету туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Қарақол су қоймасының құрылысы биыл да жанданбады.
Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг тобы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан «Жайсаң» және «Әлімбет» өткізу пункттерінде тәулік бойы санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көлігінде 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қаруы бар үш ер адам құрықталды. Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.