Зімбірді алмастыруға болады екен

02 сәуір, 19:50

Фото: stan.kz

Коронавирустың таралуына байланысты зімбірге сұраныс артып, бағасы көтерілген. Осы орайда диетолог Маргарита Королева зімбірдің қымбаттауына бола дүрбелең тудырмауға шақырды. Оның айтуынша, басқа да азықпен иммунитетті көтеруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ Вечерняя Москва сайтына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. "Ағзаның беріктігін бір қалыпта ұстау үшін және коронавирусқа немесе басқа да бактериялық, вирустық инфекцияға қарсы тұру үшін тамақтану барысында бірқатар ережені сақтаған жөн",– дейді маман. Королеваның айтуынша, зімбір, лимон, пияз бен сарымсақ табиғи өнім болғандықтан, пайдасы да мол. Бұлар бактерияларға қарсы тұра алады, сондықтан міндетті түрде ас рационына қосу керек. Диетолог ішкі жасушалардың қорғанысын бекіту үшін адам ағзасына қажетті компонент цинк екенін айтты. Оның вирусқа қарсы тұру әрекеті бар. Сол үшін толыққанды ақуыз, ет, дақылдар, бұршақтар, жаңғақтар жеу керек. Мүмкін болса, теңіз өнімдерімен тамақтанған жөн. "Цинк А дәруменімен бірге ағзаға жақсы сіңеді. Дәрумен пайдалы майлар құрамында кездеседі. Бұған барлық тазартылмаған май жатады: зәйтүн майы, жүгері майы, күнбағыс майы. Е дәрумені де иммунитеті қалыптастырады. Сондай-ақ табиғи өнімдердің құрамында бар В дәрумені ағзаға өте қажет", – дейді Маргарита Королева. Королева су және сұйықтықты көбірек ішу керек екенін жеткізді. Бұл ағзаның детоксикациясына көмектеседі, тыныс алу жүйесіне, ауыз қуысына, асқазанның қышқыл ортасына түсу қаупі бар вирустарды шайып өтуге жәрдемдеседі. "Әрине, көкөніс пен жеміс-жидектің құрамындағы үлкен көлемде сақталатын С дәрумені жайлы ұмытпау керек. Айтпақшы, ашытылған қырыққабат – ішек жолдарына арналған керемет пробиотик. Ал біздің иммундық жүйеміздің 80 пайызы осы ішек жолдарының жұмысына тікелей байланысты", – дейді диетолог. Еске сала кетсек, бұған дейін эпидемиолог Сәкен Әміреев зімбірдің вирустарға қарсы қаншалықты пайдалы екенін айтып берген еді. Себебі соңғы кезде ел арасында аталмыш өнімге сұраныс артқан.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации