Жерлеу және жаназа шығару рәсімдеріне өзгеріс енгізілді

25 қазан, 18:07

Фото:

Түркияда коронавирустың тез таралуына байланысты жерлеу және жаназа шығару рәсімдеріне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Енді бірқатар провинцияда көз жұмған кісінің аты-жөні ғана жарияланады. Ал жаназа шығару орны мен уақытын айтуға тыйым салынды. Сондай-ақ мұндай жиындарға тек ет жақындары ғана қатыса алады.

Эпидемологиялық жағдай ушыққан соң, билік осындай қадамға баруға мәжбүр. Түркияда коронавирус қайта өрши түсті. Елдің ішкі аймақтарында қауіпті індетке шалдыққандар көбейіп, бірқатар провинцияда ауру жұқтырғандар саны 50% артты.

Елде пандемияның бірінші толқынында екі рет шарықтау шегі тіркелген болатын. Билік бұл жолғы өсім деңгейі алдыңғыларымен салыстырғанда күрделі дейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации