Жануарларға арналған коронавирус вакцинасы әзірленіп жатыр

13 қаңтар, 11:03

Фото: ғаламтордан

 Финляндия ғалымдары жанат, құндыз тәрізді жануарларды коронавирус жұқтырудан қорғайтын вакцина әзірлеп жатыр, деп хабарлайды dw.com. 

Алматы, NEGE. Финляндияның Fifur терісі бағалы аң өсірушілер бірлестігі Хельсинки университетінің зерттеу тобымен бірлесіп жаңа препарат әзірлеп жатыр. Топ жетекшісі, доцент Тарьи Сироненнің айтуынша, вирус адам денсаулығына ғана қауіпті емес, сондықтан оның ауылшаруашылығы жануарлары арасында таралуын жедел әрі тиімді тоқтату керек. Оның ішінде Финляндиядағы аңдар, терісі бағалы хайуанаттар да бар. Финляндия медиакомпаниясы YLE-нің мәліметінше, вакцинаны тестілеу кезеңі бірнеше айға созылуы мүмкін. Айта кетерлігі, Еуропа елдері Дания мен Нидерландыға қарағанда Финляндиядағы терісі бағалы аң бағылатын фермаларда SARS-CoV-2 коронавирусының жұғуы тіркелмеген. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации