Зейнетақы мен жәрдемақы өсті ме?

09 сәуір, 09:26

Фото: sputniknews.kz

Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды.

Алматы, NEGE. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялауға байланысты тұрғындар қандай үстемеақы алатыны айтылды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматовтың айтуынша, қазір Алматыда 589 177 адам зейнетақы мен жәрдемақы алып отыр. Оның ішінде 230 мың адам жасына байланысты зейнетақы алады. Барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы 10%-ке артады.

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін жасы және еңбек еткен жылдарына қарай тағайындалған зейнетақы мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5%-ке артады.

"Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 5%-ке ұлғайды. Қазір тағы 5%-ке артып отыр, қосқанда 10% шығады", - деді Нарматов.
Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіште 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации