Вирустан таяқ жеген 4 сала

18 наурыз, 14:30

Фото: ictsd.org

Коронавирус әкелген шығын көлемін есептеуде әлемнің ірі рейтинг агенттіктері мен аудиторлық компанияларының пікірі екіге жарылды. Экономиканың әлі қанша уақыт төмен құлдырайтынын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

Дегенмен S&P кейбір салалардың бір жылдың ішінде дефолтқа ұшырау мүмкіндігін есептеп, құлдырау болжамын ұсынды деп жазады, RiskTakers

 

1. Әуе тасымалы
Болжамды шығыны 560 миллиард доллар. Кезінде табысты болып отырған саланың медианалық рейтингі «CCC +» деңгейіне дейін төмендеген. Инвесторлар тілімен айтқанда - "мусор".
Әлем елдері карантинге жабылып, ал азаматтар вирустың таралуынан қорыққандықтан әуе ұшуларын күрт тоқтатқан.

Фото: kazakh-tv.kz


2. Туризм

Туризм саласы да аянышты жағдайға тап болды. Қонақ үйлер мен мейрамханалар жабылып, круиздер тоқтауда. Саланы үлкен банкрот алдында тұр десе де болады.

Фото: goodfon.ru
 

3. Автомобиль өндірісі

Автопром да тығырыққа тірелген салалар қатарында. Нақтырақ айтсақ, оның ішінде автомобиль өндірушілері, сонымен қатар жеке бөлшектері мен жабдықтарын өндірушілер де бар. Екі сала да «В» рейтингінен «CCC +» деңгейіне дейін төмендеді. Өнеркәсіптің құлдырау себебі жеткізілім тізбегіндегі проблемалар және Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және Германиядағы зауыттардың жабылуы болды.

Фото: kolesa.kz

 

4. Мұнай газ

Жедел құлдыраған саланың бірі - мұнай және газ бұрғылау секторы. PD медианасының мәні қаңтардағы 5% -дан («В» рейтингісі) ақпан айында 9% -ға дейін өсті (рейтинг «CCC +»). Мұнай тұтынудың төмендеуіне байланысты несиелік тәуекелі артты.

Фото: linkedin.com
 

Барлық төрт саланы коронавирус алып ұрды. S&P нәтижелері бойынша осы салада жұмыс істейтін әрбір оныншы компания өз несиелерін жаба алмайды. Ол құбылыс біздің елге де тән. Әсіресе мұнай газ мен әуе байланысы бойынша проблемаларымыз бар.

#экономика #дефолт #коронавирус
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации