Үндістанда вирустан болған өлім-жітім рекорд орнатты

03 мамыр, 15:59

Фото: google.com

Ресми мәлімет бойынша, өткен 24 сағатта Үндістанда коронавирустан 3689 адам көз жұмды. Бұл, пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш.

Алматы, NEGE. Бір күн бұрын Үндістанда коронавирус індетін жұқтырудың жаңадан 400 мыңнан астам жағдайы анықталды. Бір тәуліктік мұндай көрсеткіш өзге ешбір елде тіркелген жоқ.

Сырқаттанудың күрт артуына елдің денсаулық сақтау жүйесі дайын болмай шықты. Ауруханалар стационарлық емді қажет ететін барлық науқасты қабылдай алмай жатыр. Сондай-ақ елде медициналық оттегі тапшылығы бар.

Пандемия басталғалы Үндістанда коронавирустың 19 миллионнан астам оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткішпен АҚШ-тан кейін әлемде екінші орында тұр.

Індеттен 215 мың адам қайтыс болғаны зертханалық расталды. Дегенмен, сарапшылардың пайымынша, тестілердің жетіспеушілігінен шынайы көрсеткіш ресми мәліметтерден алшақ және жоғары болуы ықтимал.

Көптеген адамның, әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндігі жоқ және олар үйлерінде емделуде.

Сондай-ақ мамандардың сөзіне қарағанда, ауылдар мен шағын қалаларда коронавирустан болып жатқан өлім-жітім ресми деректерге енбей қалып жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации