Ұлттық банк валюта айырбастау бекеттерін тәубесіне түсірді

20 наурыз, 14:30

Фото: yandex.ua

Енді валютаның сатып алу мен сату айырмашылығын 10 тіпті 30 теңгеге дейін асырып жүрген айырбас бекеттерінің бұл әрекетіне тосқауыл қойылатын болды.

Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеп отыр. Бастысы  негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермеу арқылы тұрақтылық орнату. 

Бүгін жарияланған арнайы қаулыда банктер және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін:

АҚШ доллары  6 теңге;

Еуро  7 теңге етіп белгілеу көзделеді.

Аталған шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында ғана іске асады.

#теңге #валюта #бағам
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации