Ұлттық банк 12%-ға дейін базалық мөлшерлемесін өсірді

10 наурыз, 15:34

Фото: zakon.kz

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемесін 12%-ға дейін өсірді, деп хабарлады ҚазТАГ Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы. NEGE.  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерге теріс ықпал ету аясында баға тұрақтылығын қолдау қажеттілігіне негізделген базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады. 2020 жылғы 10 наурыздан бастап базалық мөлшерлеме пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін қеңейтіп, жылдық 12% деңгейінде белгіленеді. Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша 10,5% болады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации