Тұрғын үй қымбаттауы мүмкін

12 наурыз, 09:26

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Қазақстанның құрылыс одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «нарықтағы соңғы өзгерістерге байланысты жазда пәтерлердің құны көтеріледі» дейді.

Алматы, NEGE. Баспаналар 20 пайызға дейін қымбаттауы әбден мүмкін. Одақ төрағасының айтуынша, құрылыс заттарының 60 пайызы сырттан келеді. Атап айтқанда, лифт, керамика мен өңдеу жұмыстарына қажетті бояулардың өзі шетелден тасымалданады.

Әрине, елімізде шығарылатын құрылыс заттары  бар. Бағасы да қолжетімді. Бірақ олардың сапасы көңіл көншітпейді дейді мамандар.

Сондықтан құрылыс компаниялары қажетті құрал жабдықты сырттан алады. Ал доллардың қымбаттауы, құрылыс заттарының қымбаттауына әкеледі. Бұл өз кезегінде баспаналардың бір шаршы метрінің құны өседі деген сөз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации