Төтенше жағдай кезінде төленбей қалған несиенің тарихы бүлінбейді

17 наурыз, 09:57

Фото: Ғалым Смағұл, Nege.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тарапынан төтенше жағдай кезінде азаматтардың қаржылық жағдайының нашарлап кетпеуі бақыланады. Бұл туралы, жаңа ғана үкіметтің онлайн-отырысында ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.

Ең бастысы, төтенше жағдай кезінде, демек 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында тұтынушылық несие бойынша 90 күннен артық төлемеген жағдайда айыппұлдар алынбайды. Осы уақыт аралығында несие төленбей қалса, бірақ 12 ай ішінде мерзімі өткен қарыздың жартысынан астамы өтелсе, азаматтың несие тарихы бүлінбейді.

Фото: Үкіметтің онлайн отырысы, YouTube live

 

Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде жеке және заңды тұлғаларға айыппұлдар салынбайтын болды. Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін міндетті төлемдер кейінге шегеріліп отыр. Ұлттық Банктің базалық ставкасы өсуіне байланысты жеке тұлғаларға арналған депозиттер мөлшерлемесі көтерілді.

"Агенттік қаржы нарығындағы ахуалға күшейтілген мониторингті жалғастырады және көрсетілген шараларды іске асыруды бақылауды қамтамасыз етеді" - деді, Мәдина Әбілқасымова.

 

#несие #қарыз #коронавирус
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации