Тоқаев бюджет туралы жарлыққа қол қойды

09 сәуір, 10:58

Фото: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. "Әлемдік экономиканың жағдайын, тауар нарығындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды", - деп жазылған сайтта. Еске сала кетсек, наурыз айының соңында премьер-министр Асқар Мамин үкіметке 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет пен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау шараларын қолға алуды тапсырған болатын.
2020 жылы Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 2 триллион 70 миллиард теңгеге артып, 4 триллион 770 миллиард теңгеге жетеді. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов трансфертті ұлғайту дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырып, бюджетке кем түсетін ақшаның орнын толтыру үшін қажет екенін жеткізді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации