Тоғжанов: Азық-түлік қоры жарты жылға жетеді

12 наурыз, 18:15

Фото: ktk.kz

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Бізде әлеуметтік маңызды азық-түліктің 19 түрі бар. Олар толық жарты жылға жетеді. Облыс әкімдері тапсырма алды. Себебі, бізде азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орында», – деді ол.  Алайда ол тауық еті мен қантты сырттан тасымалдайтынымызды жасырған жоқ.

Айта кетейік, қазірдің өзінде елімізде жұрт дүрлігіп, азық-түлікті қаптап сатып алып жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации