«Теңізшевройл» шикі мұнай өндірісін 4%-ға арттырды

17 ақпан, 17:46

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 4% артық шикі мұнай өндірді, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. 2019 жылы шикі мұнай өндірісі 29,79 млн тонна көлемінде рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен жылмен салыстырғанда, өндіріс көлемі 4%-ға өсті. Сұйытылған және құрғақ газды сату сәйкесінше 1,3 миллион тоннадан және 7,9 миллиард текше метрден асқан.

ТШО-ның негізгі өндіріс қызметкерлерінің 89%-ы – қазақстандықтар. Кәсіпорын басшылар тобы құрамында Қазақстан Республикасының азаматтары барлық лауазымдардың 80%-н иеленіп отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации