Теңгенің шынайы бағамы қандай?

13 наурыз, 15:02

Фото: total.kz

Қазір азаматтар теңгенің жаңа бағытына бейімделе бастады. Бағамның 400-ге жетуі ешкімді шалқасынан түсірген жоқ. "Теңгенің ақпарат айдынында күтіліп отырған ең жоғарғы мөлшерлемесі - 420-430" дейді, сарапшы Владислав Туркин

"Осылайша, девальвациялық күтулер қазірдің өзінде экономикаға, іскерлік белсенділік пен бағаларға әсер ете бастады. Сыртқы факторлар жақсармай тұрып, теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұру тиімсіз".
Экономистің айтуынша, қазір Ұлттық Банкке теңге бағамын өзінің шынайы әрі әділ құнына барынша баппен, еш күрт серпіліссіз түсіру қажет. Сол кезде мұндай өзгерістер азаматтар мен нарық тарапынан жеңіл қабылданады. Нарық психологиялық тұрғыдан дайын болғанда, шетел валютасына деген шамадан тыс сұраныс өзі азайып, валюта нарығының негізгі, ұзақ мерзімді қатысушылары үшін қолайлы жаңа бағам белгілеуге мүмкіндік ашылады.

"Экспортқа тәуелді болғандықтан, біз сыртқы факторларды ескере отырып, тұрақты түрде жағдайды түзетіп отыруға мәжбүр боламыз. Ия, бұл оңай емес, бірақ біздегі құрылымдық бұрмалауларды жоюға мүмкіндік береді"

Бұған қоса, банктердің теңге әлсіреуі керек деген үміттерін байқауға болады. Теңге әлсіресе, репо операциялары өспек. Ол банктер үшін жақсы жаңалық болар еді.

#теңге #бағам #мұнай
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации