Шымкентте 65 млн теңге үнемделді

05 сәуір, 17:11

Фото: Nakipelo.ua

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі араласқан соң, бірқатар мемлекеттік құрылымдар тендер өткізуден үзілді-кесілді бас тартқан. Бұл туралы kursiv.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар күдікті лоттарды аңғарып қалған. Мәселен, Шымкенттің дендропаркіне жылыжайлар мен туалеттер салу баса назарға іліккен. Өйткені, ол жерде бұлар бұрыннан бар нәрсе болып шыққан. Бұған бақандай 57 млн теңге қаражат жұмсалуы тиіс болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации