Шетелге азық-түлік шығаруға тыйым салынды

01 сәуір, 14:40

Фото: Ok.ru

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 30 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кейбір азық-түлік тауарларын шығаруға тыйым салды. Бұған COVID-19 коронавирус себеп болып отыр.

Алматы. NEGE. Бұған дейін жеке қорғаныс, дезинфекция құралдарын және медициналық өнімдерді шығаруға тыйым салынған болатын. Тыйым салынған заттардың қатарында пияз, сарымсақ, шалқан, күріш, құмық, сұлу, ұн және басқа да заттар бар. «Алқа шешімі ЕЭК сайтында жарияланған күннен бастап 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді», – делінген комиссия хабарламасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации