Шекараның жабылуынан көкөніс қымбаттады

13 наурыз, 12:51

Фото: Lada

Түркіменстанмен арадағы шекара жабылысымен Ақтау қаласында көкөніс бағасы екі есеге өсіп кеткен.

Алматы, NEGE. Түркіменстан билігі шекараны түркімен фермерлері қызанақ пен қиярды экспортқа шығармауы үшін, осы арқылы жергілікті нарықтағы көкөніс бағасын арзандату мақсатында жауып тастаған. Бұл шара Түркіменстанмен шекаралас Маңғыстау облысындағы көкөніс нарығына бірден әсер еткен. Қазір облыстағы базарларда қызанақ бағасы тропик елдерінен келетін ананастан қымбат көрінеді.

Бағаның шарықтауына коронавирус пен доллар бағамының күрт өсіп кеткені де әсер етуде. Карантинге байланысты Ираннан тауар тасу тоқтаған, ал Түркиядан келетін көкөніс бағасы тым қымбат.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации