Роберт Бут Астанада көпфункционалды кешен салуы мүмкін

09 наурыз, 16:00

Фото: facebook.com

Қазақстанның Дубайдағы елшісі Мадияр Меңілбеков Дубайда «Ellington» компаниясының басқарушы директоры Роберт Бутпен кездесіп, Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды кешен салу жобасы туралы пікір алмасқан. Бұл туралы Фейсбукте елшінің өзі пост қалдырды.

Алматы. NEGE.  Аталған компания Дубайдағы «Mohammed Bin Rashid City», «Downtown Dubai», «Palm Jumeirah» және «Jumeirah Village Circle» аудандарында бірқатар жобаларды жүзеге асырған. Кездесуде Астана халықаралық қаржы орталығында ««Ellington Group KAZ Ltd» компаниясы тіркеліп, қазіргі уақытта жобаға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации