Reuters: Джек Ма жоғалған жоқ

12 қаңтар, 16:37

Фото: inbusiness.kz

Джек Ма жоғалып кеткен жоқ. Ол Бейжіңдегі биліктен қысым көрген соң, бой тасалауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы, NEGE. Әйгілі миллиардер көрінбей кеткен соң, ол туралы ақпарат құралдары сан түрлі ақпарат таратып жатыр. Қытайдың коммунистік партиясы антимонополияға және капитал экспансиясына жол бермеу үшін Джек Маның «Алибабасын» ұлттық компанияға айналдыруға кіріскен еді. Сол үшін оның еншілес компаниясы Ant Group-ты IPO-ға шығармаған болатын. Осыдан кейін Джек Ма көрінбей кетті. Бұл өз кезегінде оған тиеслі компания құнды қағаздарының арзандауына алып келді. Қазір Alibaba акциясы – 227 доллар. Соңғы екі күнде ол 9 долларға дейін түсті. Джек Ма әлемдегі ең бай азаматтар тізімінде 25-орында. Дәулеті – 50 млрд доллар. Биыл Аlibaba платформасындағы қазақстандық компаниялардың саны 150-ге жетеді деген жоспар бар. Қазір онда 98 компания жұмыс істеуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации