Ресейлік миллиардер Ақтау әуежайын сатып алмақ

21 ақпан, 09:49

Фото: biletnasamolet.kz

«Аэропорты регионов» ресейлік холдингі Ақтау халықаралық әуежайын сатып алғысы келетінін мәлімдеген. Бұл туралы tengrinews.kz Шығыс және Орталық Еуропаға экономикалық шолу ақпарат порталы сілтеме жасап хабарлады.

Алматы. NEGE. "Аэропорты регионов" - Ресейдегі жетекші әуежай холдингі, олигарх Виктор Вексельбергтің "Ренова" компаниялар тобының мүшесі. Басылым мәліметінше, бүгінде Ақтау халықаралық әуежайы түрік инвесторларына тиесілі. Холдинг бұл мекемеден де бөлек Қазақстандағы басқа әуежайларды сатып алу мүмкіндігін қарастырған.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации