Путин форумсыз қалды

08 наурыз, 14:00

Фото: Росконгресс

Санкт-Петербург коронавирусқа байланысты экономикалық форумнан бас тартты. Форумға жыл сайын Путин қатысып тұрушы еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  індеттің өршуіне байланысты төтенше жағдай  жариялағаннан кейін, форумды өткізбеу туралы шешім қабылданды деп жазады, Курсив. 

«Ресей азаматтары мен қонақтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында осы жылғы форумды өткізбеуді шештік», - деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Андрей Белоусов.

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық  форумы 3-6 маусым аралығында өткізілуі тиіс болатын.

«Экономикалық форумға 145 елден 20 мыңға жуық адам келеді. Бұл елдерде эпидемиологиялық жағдай әр түрлі. Сол себепті біз өз тұрғындарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз. Бұл шешіммен толық келісеміз. Себебі, адамдардың денсаулығын ешқандай экономикалық тиімділікпен өлшеуге болмайды.», - деді Санкт-Петербург губернаторының орынбасары Евгений Элин.

Бұл халықаралық экономикалық  форумы  Санкт-Петербургте 1997 жылдан бері өтіп келеді.

#путин #форум #санкт-петербург
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации