Экономика

01.01.20 Біз көрген 5 экономикалық құбылыс

2019 жыл экономикалық өзгерістерге бай болды. Nege.kz олардың ішінен ең маңызды бесеуін таңдап алды

01.01.20 1 қаңтардан бастап үшжылдық мораторий күшіне енді

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлерді, оның ішінде микрокәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды тексеруді, қадағалауды тоқтатады. 

01.01.20 Ұлттық Банк қайта құрылды

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылды. Банктен жаңа дербес құрылым – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРБА) бөлініп шықты.

01.01.20 Стипендия, зейнетақы, айыппұл. Бүгіннен бастап өмірімізде не өзгерді?

Бүгіннен бастап зейнетақы мен стипендия, жәрдемақы көлемі артты. Есесіне айыппұл да өсті және медициналық сақтандыруға шығындалатын боламыз

31.12.19 Банктер тәуекелдерін жабу үшін 450 млрд теңге қажет

Ұлттық Банк AQRдың бірінші кезеңін аяқтап, банк секторын күшейтуге қатысты бірқатар ұсыныстар берді

30.12.19 Сонда бәрі дұрыс па? AQR есебі шықты

Ұлттық банк 14 ірі банкті тексеріп бітті

30.12.19 "Бәйтерек" Холдингі еншілес компаниялар санын қысқартады

Алдымен "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" мен "Бәйтерек Девелопмент" бірігеді. Ал 2020 жылдың шілдесіне дейін олардың қатарына Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры қосылуы тиіс. Нәтижесінде "Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымдарының саны 11ден 9ға дейін қысқаратын болады.

26.12.19 AQR банктерді абыройдан айыруы мүмкін

Eлдің бірнеше банкінде жағдай өте нашар. Осының алдында Reuters "кем дегенде 4 банкке мемлекеттің1 миллиард доллар көмегі қажет" деп жазса, біздің сенімді ақпарат көздеріміз шын мәнінде көрсетілетін қолдау сомасы одан он есе көп болу ықтималдығын айтады. Және қаржылай көмектің 80 пайызы елдегі ең ірі, жүйелік банктің бірін құтқару үшін жұмсалмақ.