Экономика

20.01.20 «Сұрапыл дағдарыс келе жатыр»

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жаңа басшысы Кристалина Георгиева пессимистік болжамдарымен сарапшыларды дүрліктіре бастады. Оның айтуынша, болашақта бүкіл әлемді шарпитын жаңа дағдарыстың көлеңкесі қылаң беруде. Және ол дағдарыстың тоқпағы ең алдымен Еуропаның басына тимек. 

17.01.20 Қазақстанда тұрғын үй сертификаты ескі баспана сатып алуға да берілмек

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй сертификатын беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізеді.

17.01.20 Google Қазақстаннан 5 жарым есе қымбат

Бүгін Google алпауытын басқаратын Alphabet компаниясы құны 1 триллион доллардан асатын компаниялар тізіміне ресми түрде кірді. Nasdaq биржасындағы Alphabet акциялары 0,76% -ға қымбаттап, 1450,16 долларға жетті. Бұл - компания тарихындағы абсолютты рекорд.

16.01.20 Bek Air-дің шаруасы бітті ме?

Bek Air қызметкерлері басшылық бұйрығымен кезексіз демалысқа шығып, үйде отырғандарын айтты. Мұны Nege.kz тілшісі анықтады. Кезексіз демалыс үшін ақы төленбеген. Otrar Travel туристік компаниясына Bek Air ондаған миллион теңге қарыз екен. Және алдын-ала билет алып қойған азаматтарға ақшасы қайтарылмаған.   

15.01.20 АҚШ пен Қытайдың экономикалық соғысы: Кім жеңеді?

Екі держава арасындағы сауда соғысы уақытша бітіммен аяқталды. АҚШ пен Қытай өзара шарт тармақтарына ақыры келісті. АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин бұл келісімді «Американың ұлы жеңісі» деп атап үлгерді.

15.01.20 AQR екінші кезеңінің нәтижесі ақпанда жарияланады

Банктерді кешенді түрде тексеріп жатқан AQR-дің (банк активтерінің сапасын бағалау) толық қортындысы 15 ақпанда жарыққа шықпақ. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында тілшілермен тілдескен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.

15.01.20 Петр Своик: Қазақстанның энергетика саласы серпіліс алдында тұр

Танымал экономист әрі саясаттанушы Петр Своик елдегі энергетика саласын дамыту перспективалары туралы мақала жазды. Электр станцияларының жұмысы мемлекеттік деңгейдегі маңызды оқиғалармен – девальвация, индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығымен және дағдарыс кезінде кәсіпорындар алған несиелерді конвертациялауға қаншалықты байланысты?

14.01.20 Валюта айырбастау бекеттерінің жайы қалай болмақ?

Ұлттық банк шетел валюталарын айырбастау тәртібіне өзгеріс енгізіп, ірі қалалардағы ақша айырбастау бекеттерінің жарғылық қорын кем дегенде 100 миллион теңге етіп бекітті. Жарғылық қоры көрсетілген сомадан аз айырбастау бекеттері лицензиясынан айрылады