Экономика

27.01.20 10 миллион теңгесі бар екі депозит НЕГЕ қараусыз қалды

Еуразиялық банкі бөлімшелерінде Астана Банкі салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Еуразиялық банк тиісті келісімге бүгін қол қойды

27.01.20 Коронавирус пен Қазақстан экономикасы. Температурамыз қандай?

Коронавирус адамдарды ғана емес, экономиканы да "түшкірте" бастады. Қытай экономикасының эпидемиядан әлсіреп бара жатқаны байқалады. Ол Қазақстанға да жағымсыз әсерін тигізбек  

27.01.20 Қытайдағы вирус мұнай бағасын арзандатуда

ICE биржасында Brent маркалы солтүстік теңіз мұнайының баррелінің фьючерстік құны қарашаның 1-нен бері тұңғыш рет 60 доллардан түсіп кетті.

24.01.20 Мамин көктемнен көтерем болып шықпаудың жолын таба ма?

2019 жылы инфляциямен күресте әкімдер мен министрлер ойсырай жеңілді. Нәтижесінде Қазақстанның инфляция бойынша "чемпион" екенін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаевтың өзі мойындауға мәжбүр болды. Инфляция асау аттай ауыздықтауға неге көнбей қойды? Қазақы инфляцияның құпиясы неде? Оның себебін Nege.kz зерттеп көрді.    

24.01.20 Тоқаев: Экономикаға радикалды реформа керек

Президент Қ.Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Маминнің кабинетіне қарата сын айтып, батыл іс-қимылдарға шақырды.

24.01.20 Ұлттық қордың инвестициялық саясаты. Досаев қандай өзгерістер жасайды?

Ұлттық қордың активтерін ұлғайту үшін инвестициялық саясат біртіндеп өзгермек. Ақшаны инвестициялау консерваторлық идеологиядан теңдестірілген саясатқа ауыстырылатын болады. Бірақ, есесіне, тәуекелдер де көбеймек. Бізге ақшаны сақтап қалған маңызды ма, әлде көбейткен дұрыс па?

24.01.20 Болашақта ақша аударуды ұмытатын боламыз. НЕГЕ?

Қазақстандықтар ақша аударуды жыл санап азайтып келеді. 2018 жылы 6 миллиард теңге аударса, 2019 жылы бар-жоғы 4 миллиард аударған. Банк картасынан картаға ақша аудару дамып келе жатқандықтан, арнайы жүйелер арқылы ақша жіберуді ел азаматтары ескінің қалдығы деп санайды.

23.01.20 Мемлекет берген пәтерден шығаруға тыйым салынады

Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі премьер-министр Асқар Мәминнің басшылығымен жалға берілетін мемлекеттік баспанадан шығару туралы бір ережені Конституцияға қайшы деп тапты. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады