Экономика

29.01.20 Сингапур қайда, біз қайда? Қазақстан зейнетақы салымдарын баспанаға жұмсаудың сингапурлық үлгісінен бас тартты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, зейнетақы жүйесінің сингапурлық үлгісі Қазақстанда қолдануға келмейді. Негізгі мәселе - халықтың табысы мен есептелетін жарна көлемінде. Бізде табыс аз және төленетін жарна үлесі де мардымсыз  

29.01.20 Теңге НЕГЕ коронавирустан қорықпады?

"Коронавирус әлемдік экономиканы жалмап, теңгені құлатады" деген пессимист сарапшылардың айтқаны келе қоймады. Сондықтан доллардың 400 теңге болуы фантастика деп білеміз. Оған Ұлттық Банк өткізген кей операцияларының да әсері бар  

29.01.20 Зейнетақы қорының табысын инфляция жеп жатыр

Жақында өзіме қажет болған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы шотым бойынша есеп сұратқан едім. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 10 триллион 798 млрд теңгеден астам сомаға жеткен. Бірақ қуанышымды басқа көрсеткіш су сепкендей басты.

28.01.20 Алматыда жылына 45 мың көлік құрастыратын «Hyundai» зауыты ашылады

Қазақстанда биыл 10-нан астам жаңа автокөлік түрі шығарылады. Ал елде құрастырылатын автокөлік санын жылына 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.

28.01.20 Вирус азиялық компаниялардың акцияларын құлдыратуда

Азиялық қор биржаларының көрсеткіштері Қытайдағы пневмония індетінің кең тарап кету қаупінен төмендеп кеткен. 

28.01.20 Мамин бюджет шығынын қысқартуды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин министрлер мен әкімдерге бюджеттің тиімсіз шығындарын қысқарту жөнінде ұсыныс дайындауға бір апта уақыт берді.

28.01.20 Назарбаев бекіткен соңғы теңге пайда болды

200 теңге енді қағаз емес, монета болмақ. Бүгін Ұлттық Банк номиналдық құны 200 теңгелік биколорлы монетаны көрсетті

28.01.20 Әбілқасымова биыл немен айналысатынын жариялады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында президент тапсырмаларының қалай орындалатынын баяндады. КНРДА банктер мен несие беретін ұйымдарды ауыздықтайды, тұтынушы кредиттердің жосықсыз өсуіне жол бермейді. Нәтижесінде халық жаппай қарыздануын қоюы тиіс