Экономика

13.02.20 Тендер тоқырауға ұшырай ма?

Қытай тауарларының жетіспеушілігі елдегі сатып алу көлемін қысқартуы мүмкін. Ол ішкі экономиканың дамуына жағымсыз әсер беретін болады. Nege.kz сарапшылардың көңіл көншітпейтін сценарийлерін жинап, ортаға салды

13.02.20 Әлемдік автоконцерндер шығынға батудаnews video

Әлемдік автомобиль өндіруші компаниялар Қытайдағы зауыттардың тоқтап қалуы салдарынан туындаған шығындарын есептеп жатыр. Қытайдың кем дегенде 24 аймағында автоконцеріндер 10 ақпанға дейін жұмысын тоқтата тұрады.

12.02.20 Алматының іскер ауданы қайсы?

Алматының бір ауданының өзі өнеркәсіп өнімінің төрттен бірін беріп отыр.

12.02.20 Вирус бой берер емес. Коронавирус CNPC жұмысын тоқтатса, 2 миллиард доллардан айрыламыз

CNPC мен Sinopecтен кейінгі Қытайдың үшінші мұнай-газ алпауыты CNOOCтың газ импортын тоқтатып, кейбір келісімдер үшін форс-мажор сұрауы коронавирустың мұнай-газ саласына да ауыз салғанын байқатты. "CNOOC басына туған күн CNPCге де туу мүмкін" дегендер ондай жағдайда, Қытайга газ экспорттап отырған Қазақстанның да табыстан айрылу мүмкіндігін жоққа шығармайды   

12.02.20 Ұлттық қор мұнайдан бөлек 4,2 миллиард доллар кіріс түсірді

Ұлттық қор инвестициялық жолмен 2019 жылы 4,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан. Оған қор нарығы мен акциялардың өсуі сеп болды

12.02.20 Ұлттық банк еншілес екі ұйымын біріктіруді аяқтады

Ұлттық Банк шешімі бойынша жүргізілген «Баспана» акционерлік қоғамын Қазақстанның орнықтылық қорына қосу арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру процесі аяқталды

12.02.20 Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, аудандағы жеке тұлғалардың мүлік салығының берешегі 77,8 миллион теңгеге жеткен. Оның жартысына жуығы (31 млн теңге) элиталық тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлерге тиесілі.

11.02.20 Қай аймақтар инвестицияны көбірек тартты?

QazEconomy инвестицияны көбірек тартқан аймақтар рейтингін жариялады. Инвестициялық сыйымдылығы ең жоғары кәсіпорындар Атырау облысында орналасқан, ондағы жете капиталдандыру көлемі 2019 жылы 4,3 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға артық