Экономика

21.02.20 Медсақтандыру қорына бір айда 34 млрд теңге түскен

Қорда жалпы сомасы 250 млрд теңге жинақталған. 2020 жылдың қаңтар айында міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруға жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге түскен

20.02.20 Халықтың ақшасын инфляция жеп жатыр

2020 жылдың 1-қаңтарынан мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға, мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы 35-50%-ға, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі - 30 %-ға өсті, алайда елдегі азық-түлік өнімдері бірден 10-15%-ға шарықтаған 

20.02.20 "Бәйтерек" тендерлері НЕГЕ Маминның тікелей бақылауына өтті?

Осы аптада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет құрып, өзінің жарғысына тиісті өзгертулер енгізді. Енді холдинг және оған тиесілі 11 компанияның тендерлерді қалай өткізіп жатқанын тікелей директорлар кеңесіне бағынатын аталған қызмет қадағалап отыратын болады 

20.02.20 Ет қымбаттады

Қазақстанда сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттады. Еттің бағасы туралы Energyprom.kz порталының сарапшылары айтып берді.

20.02.20 AQR-дың алғашқы құрбаны табылды ма?

Қазақстан қор биржасы 2020 жылдың 4 наурызында "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. "Күн тәртібіне шұғыл түрде екі мәселе - банктің жай акцияларына айырбасталған облигациялар шығарылымы мен жарияланған жай акцияларының санын арттыру туралы сұрақтардың қойылуы бекер емес дейді" сарапшылар. 

19.02.20 Ендігі ақшаларға қолтаңба қойылмайды

ҚР Ұлттық банкі номиналы 2 мың теңгелік банкноттарда реттеуші басшының қолтаңбасы болуы міндетті емес екенін мәлімдеді.

19.02.20 Халықтың несиесі көбейді, экономика НЕГЕ әлсіремейді?

Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да халықтың тұтынушылық несиені көптеп алуынан қорқатыны байқалды. Алдымен әлеуметтік әлжуаз топтардың несиелерін мемлекет жауып берді, артынан олардың қайтадан тұтынушылық несие алуына заң бойынша тиым салынды. Бірақ халықтың мойнындағы қарыз өссе де, одан келіп-кетер проблема жоқ деп санайтын сарапшылар да бар. 

19.02.20 Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде газдандыру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.