Экономика

17.04.20 Жеміс-жидек пен көкөніс экспорты тоқтамайды

 Елде жеміс-жидек пен көкөніс экспортына ешқандай шектеу жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24». Тек картопты ғана шекарадан шығаруға тыйым салынған.

17.04.20 Ескі 500 теңгелік қашан жарамсыз болады?

Ұлттық банк 2020 жылдың 10 маусымында 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттардың ақша айналымынан алынатынын еске салды. 

17.04.20 Ұлттық банк көшсе де, Сағынтаевқа сары уайымға салынуға негіз жоқ

Ұлттық банктің Нұр-Cұлтанға көшуі жөніндегі жарлыққа қол қойылуын сарапшылар баяғыдан бері күтіп жүрген. "Бұл жерде ешқандай тосын сый жоқ" дейді Nege.kz сұрау салған қаржыгерлер.

16.04.20 Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшетіні белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру туралы қаулыға қол қойды. 

15.04.20 Енді бәрі онлайн. ҚНРДА банктерді цифрлендіруге көшті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) екінші деңгейдегі банктермен шоттар және банк карталарын ашу үшін қашықтан қызмет көрсету алгоритмін пысықтады 

15.04.20 «Самұрық-Қазына» есебінен 1 млн медициналық маска тігілді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ішкі істер министрлігі қызметкерлерін қорғану маскаларымен қамтамасыз етті. ҚР ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық маска тігілді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайдалануына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін жапты.

15.04.20 Инфляцияның құлағы қылтиып қалды

Шындықты айтуға Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевтың ғана батылы барған секілді. Ол кеше үкімет отырысында елімізде азық-түліктің қымбаттап, бағаның аспанға ұшып кеткенін ресми түрде мойындады.

14.04.20 42500 теңге: Қай облыс тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалды?

2,4 миллионнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды. Бұл туралы BAQ.KZ  хабарлады. Алматы. NEGE. 2 млн 461 мың 653 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды.  14 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 млн 701 мың 179 азаматтан барлығы 6 млн 37 мың 660 өтініш келіп түсті. Осылайша, 1 млн 336 мың 481 қайталанатын өтінім тіркелді, - делінген ведомство хабарламасында. Бірегей өтініштердің ең көп саны:   - Алматы облысы – 600 953; - Алматы қ. – 583 981; - Түркістан облысы – 577 885; - Нұр-Сұлтан қ. – 376 860; - Шымкент қ. – 308 981.  Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған:  - Алматы облысы – 374 734; - Түркістан облысы – 272 126; - Алматы қ. – 265 811; - Нұр-Сұлтан қ. – 282 215; - Жамбыл облысында – 161 745.  Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз.  МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.  Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:  –шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне; – жеке кәсіпкерлерге; – жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); – бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға; – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.