Экономика

29.04.20 Жұмыс істейтін кәсіпорындар тізімі бекітілді

Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 4 мамырдан бастап жұмысын жандандыратын кәсіпорындар тізімін бекітті, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

29.04.20 Шағын және орта бизнеске 600 млрд теңге бөлінеді

Елімізде шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру үшін 600 млрд теңге бөлінеді. Себебі, коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

28.04.20 Еліміз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа кезеңіне өтеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру мәселелері қаралды.

28.04.20 Сәлем, 1995! Марченко әлі құлауда, Күлекеев құлап бітті

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (AERC) жүргізген зерттеу нәтижесінде экономикамыздың жағдайы 1995 жыл көрсеткішіне қайтып оралмақ. Дәлірек айтқанда, орталық сарапшыларының пікірінше, 2020 жылы Қазақстанның нақты жалпыұлттық ішкі өнімі 4,9% -ға төмендейді. Бұл 1995 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш

28.04.20 27 сәуірден бастап Алматыда кәсіпорындар іске қосылады

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап Алматыда ІІ кезең аясында Экономика кәсіпорындарын іске қосуды мақұлдады

28.04.20 Еліміздегі бірде-бір базар заманауи талаптарға сәйкес келмейді

Қазақстандағы бірде-бір базар заманауи талаптарға сәйкес келмейді, деп мәлім етті ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Алматы, NEGE. «Сауда инфрақұрылымында қазіргі таңда 750 сауда базары бар, оның 51%-ы стационарлық емес. Базарлардың ешқайсысы да заманауи талаптарға сәйкес келмейді», - деді Сұлтанов сейсенбідегі үкімет отырысында. Оның айтуынша, замауани жылдам түсіру-тиеу, кросс-доктың және температуралық қоймалардың болмауы бағаға әсер етеді. «Әрине, жұмыс жасап тұрған базарларда тауар ағынын қадағалайтын ақпараттық жүйе жоқ», - деп атап өтті Сұлтанов.

28.04.20 Қазақстан бойынша жұмысын қайта бастайтын мекемелердің тізімі бекітілді

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. 

27.04.20 Келесі айда да 42500 теңге төленеді

Үкімет келесі айда да 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төлейді