ОПЕК + кездесуіне тарту: Мұнай бағасы қалпына келуде

04 наурыз, 09:30

Фото: eadaily.com

Мұнай бағасы өңін түзеп, тұрақтала бастады. ОПЕК пен оның жақтастары нарықты коронавирустан қорғауға уәде беріп, оған инвесторлар сенген сыңайлы.

Осыған байланысты нарық қатысушылары ОПЕК + тобынан келісім талаптарын қатайту туралы шешім шығаруын күтіп отыр. Трейдерлер мен брокерлер арасында жүрген халықаралық сауалнама нәтижелері шығып, оның нәтижесі бойынша нарықтың барлық дерлік қатысушыларының ОПЕКтің мұнай өндірісіне шектеу қоятынын күтіп отырғаны анықталды. Сарапшылар өндіріс күніне 750 мың баррельмен шектеледі деп отыр.  Қазір Brent маркалы фьючерстер 2,7% -ға көтеріліп, баррелі 53,32 долларды құрады.
West Texas Intermediate (WTI) фьючерстері барреліне 3,3% -ға 48,30 долларға дейін өсті. ОПЕК ертең Венада өз жиылысын бастайды.

#опек #мұнай #коронавирус
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации