Оңтүстік Кореяда құс тұмауынан 15 млн үй құсы қырылды

12 қаңтар, 17:32

Фото: inbusiness.kz

5 жыл бұрын 38 млн құс жойылып, ет тапшылығы туындаған еді. Корея Республикасының ветеринарлық органдары Канвондо, Чолла Пукто және Кенгидо провинцияларындағы құс фабрикаларында H5N8 деп аталатын жоғары патогенді құс тұмауы анықталған жерді зерттеп жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің азық-түлік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, бұған дейін ел аумағында жоғары патогенді дерттің 51 ошағы анықталған. Инфекцияның таралуын болдырмас үшін жергілікті билік қараша айының ортасынан бастап фермалар мен олардың маңындағы 15 миллионнан астам құсты өлтірген. Еске сала кетсек, 2016 жылдың қараша айында құс тұмауының жоғары патогенді штамы ауқымды эпизоотияға әкеліп соққан еді. Сол кезде 38 миллион құс жойылды. Оның салдарынан құс еті тапшылығы орын алып, бағалар шарықтап кеткен болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации