Оңтүстік көктемгі егістікке кірісті

17 наурыз, 11:58

Фото: voka.lv

Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілер көктемгі егістік жұмыстарына кірісті, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.

Алматы. NEGE. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, «Қазіргі таңда егістік жұмыстарын оңтүстік өңірлер бастап кетті. Мәселен, Жамбыл облысында 71,7 мың га. алқапқа дән себілді (жалпы егістік алқабының 10,2%-ы), Түркістан облысында 33,5 мың га алқапқа (4%), Алматы облысында – 3,4 мың га алқапқа (0,4%), Қызылордада – 2 мың га алқапқа (1,1%) дән себілді. Барлығы 2020 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын 22,5 млн. га алқапқа егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың га жоғары», - деді Омаров сейсенбідегі үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр атап өткендей, егістік алқаптарын әртараптандыру аясында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 15,2 млн га (2019 жылғыға қарағанда 193 мың га аз) құрайды, соның ішінде бидай – 11,4 млн га (4 мың га аз). Сонымен қатар майлы дақылдар алқабы 3 млн га құрайды, бұл былтырғыға қарағанда 122 мың га жоғары, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алқабы 19,3 мың га жоғары, жем-шөптік дақыл – 309 мың га жоғары.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации