Нұр-Сұлтандағы ДСҰ министрлік кездесуі коронавирус салдарынан кейінге қалдырылды

12 наурыз, 16:32

Фото: 7kun.kz

Нұр-Сұлтандағы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) министрлік кездесуі коронавирус салдарынан кейінге қалдырылды, деп хабарлады ҚазТАГ  ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смаиловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Кейінге қалдырылды», - деп хабарлады бейсенбі күні журналистердің коронавирус салдарынан ДСҰ министрлік кездесуі кейінге қалдырыла ма деген сұрақтарына берген жауабында Смаилов.

Атап өтелік, ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын 2020 жылдың 8-11 маусымы аралығында Нұр-Сұлтанда өткізу жоспарланған еді.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің коронавирус салдарынан арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыруға кірісетінін мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 119 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 4,2 мыңнан астам.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирусты пандемия сияқты сипаттауға болады деп мәлімдеді.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации