Нұр-Сұлтан мен Алматы айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады
16 наурыз, 10:14
Нұр-Сұлтан мен Алматы айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады, Шымкентте арзандады, деп хабарлады ҚазТАГ Kurs.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы. NEGE.Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т408,4, сату – Т410,1 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т408,6, сату – Т410,3.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т407,9, ал сату – Т409,1.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т405,46 құрады.
Атап өтелік, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кейбір айырбас пункттерінде долларды сату әлі күнге дейін уақытша тоқтап тұр.