NASA бағдарламасы: Айға қонатындардың алғашқысы әйел болмақ

07 наурыз, 16:23

Фото: ғаламтордан

 Алдағы 10 жылда NASA Ай бетіне алғаш рет әйелді қондыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы CBS News телеарнасы хабарлайды. 

Алматы, NEGE. Миссия жоспарланып отырған «Артемида» бағдарламасына тоғыз әйел және тоғыз ер адам мүше болады. Бағдарламаны іске асыру кезінде қаражат артық жұмсалып, кешігуі біраз қиындықтар тудырғаны атап өтілген. NASA ғарыштық ұшулар жетекшісі Чарли Блэквелл-Томпсонның айтуынша, Айды зерттеуге қайта оралу түрлі құнды ғылыми жаңалық ашуға мүмкіндік береді. «Көп нәрсені үйренуіміз керек. Біз әлі де Apollo бағдарламасы кезінде қайтарылған үлгілерді негізге ала отырып, зерттеу жүргізіп жатырмыз», деп атап өтті ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации