Мұнай қымбаттай бастады
03 наурыз, 11:06

Әлемдік жетекші мұнай биржаларында сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы барынша өсті, деп хабарлады ҚазТАГ
Алматы. NEGE. Сәуірде жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) – IСE Brent Crude Futures Electronic $51,9 (+2,23)/барр. болды.
Сәуірде жеткізілетін New York Mercantile Exchange (NYMEX) мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $46,75 (+1,99)/барр. болды.