Медбикелер шеруге шықты

23 қазан, 10:25

Фото: ғаламтордан

  Аргентинада коронавируспен күресіп жатқан медбикелер шеруге шықты. Олар еңбек жағдайын жақсартып, жалақы көлемін көтеруді талап етті.

Алматы, NEGE. Ресми мәлімет бойынша бүгінде бұл елде 70 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың 60-тан астамы қайтыс болды. Айта кетейік, Аргентинада коронавирус індеті дендеп тұр. Осы уақытқа дейін ел бойынша 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. 27 мыңдай кісі көз жұмды. 

Медицина қызметкері Клаудио Иберо: "Жалақымыз өте төмен. Еңбек жағдайы да нашар. Қажетті құрал-жабдықтың жоқтығынан мамандар қайтыс болып жатыр. Сондықтан осындай наразылық акциясына шықтық" деді. Ал Колумбияда эпидемиологиялық ахуалға қарамастан мыңдаған адам көшеге шықты. Жұрт коронавирустан зардап шеккендерге өтемақы берілсін деп наразылық білдірді. Бұған қоса білім мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруды арттыруды талап етті. Айта кетейік, бүгінде Колумбияда инфекцияға шалдыққандар саны 1 миллионнан асады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации