Қостанайлық шенеуніктер «37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады» деген күдікке ілікті

09 сәуір, 17:45

Фото: Кaztag.kz

Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілікті, деп хабарлады ҚазТАГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіне сілтеме жасап.
Алматы. NEGE. «Қостанай облыстық департаменті облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ, Жітіқара және Жангелдин аудандары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Т37 млн астам мемлекеттік субсидияны жымқырған деп күдік келтіріліп отыр», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Тергеу мәлімдегендей, олар жайылым және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықтарының іс жүзінде орындамаған жұмыстарын растау арқылы қомақты қаржыны жымқырған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации