Қош бол, банкнота! Елімізде тұңғыш рет карточка қағаз ақшаны басып озды

05 наурыз, 13:00

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі тұңғыш рет қолма-қол ақшаны алу көрсеткіштерінен асты деп хабарлайды, Ұлттық Банк. Карточкалар арқылы халық бір жылда 1,2 млрд рет төлем жасаған. Бұл 2018 жылдан 2 есе көп.

1,2 млрд төлем жасаған халық соның аясында 14,1 трлн теңге айналдырған.  Оның ішінде 13,4 трлн теңге сомасына жүргізілген операцияр Қазақстан аумағында, ал қалған 636,6 млрд. теңге бөлігі шетелде өткен. Банк қызметтерін цифрландыру деңгейінің өсуімен халықтың онлайн төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге қызығушылығының өсуі байқалады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша банктердің интернет/мобильдік сервистерінде 19,7 млн пайдаланушы тіркелді, оның ішінде пайдаланушылардың орташа алғанда 36%-ы банктердің онлайн сервистерін тұрақты пайдаланған.

«Карточкалық операциялардың негізгі үлесі – қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары. 2019 жылдың қорытындысы бойынша төлем карточкаларымен жүргізілген төрт операцияның әрбір үшеуі қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілді. Бұл ретте, 2019 жылғы қыркүйекте қолма-қол ақшасыз операциялардың ай сайынғы көлемі ақшаны алу бойынша операциялар көрсеткішінен алғаш рет асты», - деді Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің басшысы Ерлан Ашықбеков.

Қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі онлайн тәсілмен: 9 988,2 млрд теңге сомасына 629,2 млн онлайн операция жүргізілді, бұл қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдардың жалпы санының 52,6%-ын, көлемінің 71,1%-ын иеленеді. Осылайша, әрбір екінші қолма-қол ақшасыз транзакция банктердің интернет/мобильдік сервистері арқылы жүргізілді. Мұндай операцияның орташа сомасы 15 874 теңгені құрады.

#карта #каспи #ақша
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации