Коронавирусқа Ұлттық қордан қанша қаржы бөлінеді?

29 наурыз, 19:06

Фото: facebook.com

Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл туралы Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды.

Алматы, NEGE. «Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 1 трлн-ға артты. Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл мәлімдеме дұрыс болмады, сол себепті кешірім сұраймын», – дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации