Коронавирус Еуропаға қайта шабуыл жасады

17 қаңтар, 12:22

Фото: 24.kz

Францияда бір тәулікте шамамен 16 мың адам індеттің ілмегіне ілініп жатыр. Осыған орай жергілікті билік ай соңына дейін коменданттық сағат жариялап, елге келгендердің барлығын жіті тексеріп, карантинге қамап жатыр. Соңғы кездері аймақта Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа штамы тіркелуде.

Алматы, NEGE. Еуропада аурудың таралуы қарқын алып барады. Мәселен, Испанияда соңғы бір күннің ішінде 40 мың адам инфекция жұқтырған. Бұл пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Бұған қарамастан елде жаппай локдаун жарияланған жоқ. Елдің денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның жетіспей жатқанына қарамастан жазға қарай халықтың басым бөлігіне екпе егіледі деп сеніммен айтып отыр.

Сальвадор Илла, Испанияның денсаулық сақтау министрі:

- Аурудың үшінші толқыны кезінде аймақтағы төтенше жағдай режимі өз күшінде қалады. Егер қажет болса, қосымша шараларды қолға аламыз. Бұл елдің автономды аудандарының билік өкілдерімен бірлесе шешіледі. Індеттің екінші толқынын локдаунсыз жеңіп шықтық. Бұл жолы да бәрі жақсы болады деген үміттемін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации