Колорадо штатында екі айдан бері орман өртеніп жатыр

17 қазан, 20:23

Фото: ғаламтордан

Қазіргі кезде тілсіз жау 70 мыңдай гектар ауданға тарап кетті. 

Алматы, NEGE. Бұл – штат тарихындағы ең жойқын орман өрті. Арапахо және Рузвельт ұлттық ормандарының өртенуіне не себеп болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Соңғы күндері соққан күшті желдің кесірінен өрт үлкен аумаққа тараған. Тілсіз жаумен жүзден аса өрт сөндіруші арпалысып келеді. Билік апатты аймаққа жақын елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіртті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации