Қытайда 22 миллионнан астам адамға вакцина егілді

27 қаңтар, 18:51

Фото: 24.kz

Қытайда вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазірдің өзінде 22 миллионнан аса адамға екпе егілген. Жалпы ел билігі Ай күнтізбесі бойынша ақпанның 12-сінде басталатын жаңа жыл қарсаңында вакциналауды мүмкіндігінше жылдамдатып жатыр. 16 күнге жалғасатын бұл мейрам кезінде жүздеген миллион адам сапарға шығып, туыстарымен көрісу үшін ауылдарына барады. Ең алдымен вакцинаны медицина және жолаушы тасымалы қызметкерлері алды. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайы күрделі елдерге оқуға немесе жұмысқа баратын азаматтарға салынды. Жақында жасы 60-тан асқан тұрғындар да осы тізімге кірді. Жалпы мейрам алдында халықтың 9 тобын вакциналау көзделіп отыр. Екпе Қытай азаматтары үшін тегін.

Чжао Чэньсинь, ұлттық даму және реформалау комиссиясының баспасөз хатшысы:

Мереке күндері халықтың қатынауына тыйым салынған жоқ. Билік органдары бұған шектеу қоя алмайды. Олар азаматтарымызға барыншы ыңғайлы жағдай жасауы тиіс.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации