Қырғызстан президенті Жапаров: Атам Қытайға кетуге мәжбүр болған

26 ақпан, 16:25

Фото: ғаламтордан

Қырғызстн президенті Садыр Жапаров өз атасының 1916 жылы Қытайға көшуге мәжбүр болғанын баяндап берді. 

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты ол Ресейге сапары барысында айтты. Оған атасының Қытайда тұрғаны туралы сұрақ қойылған болатын. 

«1916 жылы қиын-қыстау кезеңде менің атам Жапар отбасымен бірге Қытай шекарасына өтуге мәжбүр болған. 1932 жылы сол жерде менің әкем дүниеге келді. Әкемнің балалық және жастық шағы сол жерде өтті. 60-жылдары 30 жасқа келгенде, менің әкем ата-басының жері - Ыстық-Көл облысна көшіп келді», - деді президент. 

Ол Қытайда этникалық қырғыздардың көп екенін де атап өтті. Атасы көшіп барған Қытай жерінде, тек этникалық қырғыздар тұрыпты. Сол себепті әкесі қытай тілін меңгермеген. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации