Қырғызстан президенті Қазақстанға келмекші

27 ақпан, 19:51

Фото: inbusiness.kz

Қырғызстан басшысының баспасөз хатшысы сапар ресми болатындығы жайлы айтты. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2-3 наурыз аралығында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қырғызстан президентінің Қазақстанға сапары туралы ақпаратты Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Карин өзіңнің телеграмм-каналында жариялады. Қырғызстан басшысының баспасөз хатшысы Галина Бәйтерек Интерфакске сапар туралы ақпаратты растады. «Садыр Жапаров 2-3 наурыз аралығында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Алдағы сапар туралы толығырақ ақпарат дүйсенбіде беріледі», - деді Галина Бәйтерек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации