Қазба байлықтардың шеті көрініп келеді

18 ақпан, 10:03

Фото: bolshoyvopros.ru

Елімізде 10-15 жылдан кейін мыс, қорғасын және кейбір сирек кездесетін металлдар тапшы болуы мүмкін. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Алматы. NEGE. Ресми деректер бойынша, қазір сегіз мыңға жуық қазба байлық кеніштері жұмыс істеп тұр. Кеңес кезінде ашылған бұл кеніштердің ресурстары түгесіліп келеді. Еліміздің ірі өнеркәсіп қалалары – Жезқазған, Сәтпаев, Зырян және Риддер қауіп алдында.

«Қаланың күн көріс көзі болып табылатын мекемелер жабылып жатыр. Әсіресе, ШҚО, Қарағанды облыстарында. Шығыс Қазақстандағы Юбелейное, Зырян, Шемонаиха және басқа да кеніштер толық игеріліп, жабылды. 2025-2040 жылдары ШҚО-да Тишина, Орлов, Малеев кеніштері жабылады», – деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации