Қазақстанның орнықтылық қоры өз облигацияларын ұстаушыларға 108,5 млрд теңге төледі

07 сәуір, 15:45

Фото: solva.kz

Қазақстанның орнықтылық қоры өз облигацияларын өтеу мақсатында құнды қағаздардың ұстаушыларына жалпы сомасы 108,5 млрд теңге төлеген. Оның ішінде ипотекалық бағалы қағазды сатып алған инвесторлар 8,5 миллиард теңге табыс тапты.

Облигацияларды өтеу орташа мөлшерлемесі жылдық 9,9% бойынша орналастырылған үшінші облигация шығарылымы аясында өтті.

Орнықтылық қоры «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын нарықтық тетіктер арқылы қаржыландырып отыр. Ол үшін Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастыру арқылы қаржы көздері тартылады. Қазіргі таңға дейін осы мақсатта орналастырылған облигациялардың жалпы сомасы 370,3 млрд теңгені құрап отыр. Облигациялардың бес траншы жарық көрді. Төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

#ипотека #биржа
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации